RU
"Арнайы рейд болмайды": Алматыда шетелдік нөмірлі көлікті жөнсіз тоқтатпайтын болды

"Арнайы рейд болмайды": Алматыда шетелдік нөмірлі көлікті жөнсіз тоқтатпайтын болды

Рассказать Вконтакте

Шетелдік нөмір таққан көліктерді жол сақшылары бей-берекет тоқтата бермейді. Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы осындай уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com

Көрнекі фото:pixabay.com

Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, бөтен көліктерді анықтауға арнайы рейд ұйымдастырылмайды. Ереже сақтап, тыныш жүргендерді жол сақшылары себепсіз тоқтатпайды. Ал ережені бұзған жүргізушілер ұсталған бойда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айып тұрағына жеткізіледі.

Қазір Алматыда бөтен нөмір таққан 20 мыңнан астам көлік бар. Жалпы, Қазақстанға соңғы үш жылда шамамен 200 мың шетелдік көлік кіріпті. Шекарадан заңсыз кіргізілген көліктерге осы уақытқа дейін көз жұма қараған құзырлы органдар өз қателіктерін мойындап отыр.

"Шекарадан өткен кезде көліктерді, құжаттарды тексермедік. Бір шетінен біз халықаралық байланыстағы мемлекеттерміз ғой. Қазір біз ондай қателікті мойындап отырмыз. Мен Алматы қаласына ғана жауап бере аламын. Арнайы рейд болмайды. Бірақ жол ережесін бұзған сәтте оны сақшылар тоқтатып, шара қолданады", - дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау, Жаңаөзен және Ақтөбе қалаларының көлік жүргізушілері шетелдік нөмірлерді тіркеу талаптарына наразылық білдіргенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel