Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы халқы жер сілкінісін сезді

Опубликовано:

Қазақстандық сейсмологтар 17 қаңтарда оңтүстік астанада жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулерінің күші екі балды құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Максим Золотухин
Фото: Максим Золотухин: Depositphotos
"Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 2020 жылдың 17 қаңтар күні 22 сағат 05 минут 49 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігінен 368 шақырым жерде Қытай территориясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 12.7. Магнитудасы MPV 5.7. Тереңдігі 10 шақырым. Жер асты дүмпуінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл", - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін жер сілкінісі 2019 жылдың 27 қазанында тіркелген болатын.

Ол кезде жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 29 шақырым жерде орналасқан еді.

Сонымен қатар өткен жылы қарашада Албанияда магнитудасы 6,4 балды құраған жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан 25 адам қаза тауып, 600-ден аса адамның жарақат алғаны хабарланған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жерасты дүмпулері ел астанасы Тирана мен Дуррес қалаларында қаттырақ сезілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836704-almaty-halky-zer-silkinisin-sezdi/

pixel