RU

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды

Telegram logo VKontakte logo

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov: Depositphotos

17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау үшін тергеу сотының отырысы өткен.

Прокурор күдіктеліп жатқан шенеунікті екі айға қамауға алуды сұраған. Бұны мемлекеттік айыптаушы оның тергеуге кедергі жасауы мүмкін екенімен түсіндірген.

Сот залынан фото

Сот залынан фото: Original

Өтініш прокурордан кешкісін келіп түскен. Сот отырысына Болат Бақауовтың өзін де алып келген. Сонымен қатар оның екі адвокаты да келген.

Күдіктеліп жатқан әкім қорғаушылары оған қатысты қамауға алу сынды бұлтартпау шарасын тағайындамауды сұраған.

Сотқа Павлодар облысы әкімінің барлық наградалары әкелінген. Сондай-ақ, сотта Бақауовтың туыстары миллион теңге көлемінде кепілақы төлегендері де айтылды.

Сонымен қатар адвокаттар әкімнің денсаулық жағадайына назар аударып, оны ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін екенін де айтқан.

Тараптарды тыңдаған Павлодардың тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сот залынан фото

Сот залынан фото: Original

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Болат Бақауов екі айға қамауға алынды