RU

"Төрт адам қаза тапты": Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау-Көкпекті бағытындағы тас жолында "Лада" мен "Тойота Хайландер" автокөлігі бетпе-бет соғылған. Оқиға орнында төрт адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Соқының қатты болғаны соншалық, "Лада" автокөлігінің сау жері қалмаған. Оның ішіндегі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал "Тойотадағы" төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, жақында Көкшетау-Атбасар тас жолында жантүршігерлік көлік оқиғасы орын алып, оның нәтижесінде екі әйел қаза тапты. Сонымен қатар, жол апаты салдарынан бес бала жарақат алған.

Тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша, екі әйел "Hyundai" маркалы көлікте келе жатқан. Кенеттен көлікті тізгіндеген келіншек оны басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.

Сондай-ақ қаңтар айының басында Екатеринбург-Алматы тас жолының 566 шақырымында жол апатынан ер адам мен бала қаза тапты.

"ҚазАвтожол"ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы тас жолдағы ұзақ бұрылыстардың бірінде кешкі уақытта орын алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836715-trt-adam-kaza-tapty-sygys-kazakstanda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy.html