RU

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада Алатау ауданының бұрынғы әкімі ұсталды. Экс-әкіммен бірге оның орынбасары мен аудандық мәдениет бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері үш шенеуніктің мемлекет қаражатын жымқыру бойынша айыпталып жатқанын мәлім етті. Аталған қаражат былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша өңірлерді дамыту мақсатында бюджеттен бөлінген.

Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, Алатау ауданы әкімінің орынбасарына қатысты пара алу ісі қаралып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім еткендей, оның шотына 500 мың теңге аударылған. Болжам бойынша, ақшаны компанияға қамқорлық көрсетілуі үшін әлдебір мердігердің өкілі аударған. Сонымен қатар, шенеунік қызмет бабында жалған құжат жасады деп күдіктелуде.

Тергеу деректеріне қарағанда, ол атқарылған жұмыстар актісіне жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, іс жүзінде жүргізілмеген жұмыстарды атқарылған деп көрсеткен.

Ведомство таратқан баспасөз хабарламасына сәйкес, бұрынғы аудан әкімі мен оның орынбасары ұсталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Енді шенеуніктерге қатысты бұлтартпау шарасын белілеу мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ хабарламада мәдениет бөлімі басшысының ұсталмағаны айтылды. Себебі, ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме беру үшін тергеу органына келуге міндеттелген.

Еске сала кетейік, "Ұлттық тестілеу орталығы" басшысының бұрынғы орынбасары Дархан Жақсыбековке қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Оның сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс жасағаны дәлелденді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамалды
Mailfire view pixel