Выйти
RU

Жылу құбырының маңына нәрестесін тастап кеткен безбүйрек ана табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Атыраудағы жылу құбырының маңына жаңа туған нәрестесін тастап кеткен 21 жастағы қызды анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Безбүйрек ананы ұстауға бейнебақылау камераларының көмегі тиді.

Тергеушілер анықтағандай, күдікті жүктілігін ешкімге білдірмеу үшін Оралдан Атырауға келген деп жазды "Ақ Жайық".

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 199 бабы 1-бөлігімен тергеу амалдары жалғасуда.

Күдікті 35 тәулікке қамалуы мүмкін. Басылымның мәліметінше, баланың ендігі тағдыры кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың шешіміне байланысты болып отыр. Болжам бойынша, ол балалар үйіне беріледі.

Еске сала кетейік, биылғы 15 қаңтар күні таңертең Атыраудың Авангард-3 ықшамауданында жергілікті тұрғын орамалға оралған жаңа туған қыз баланы тауып алды.

Ол жылаған баланың даусын естіп, жақын келгенде кішкене нәрестені көрген. Бірден пәтеріне алып барып, жедел жәрдем мен полицияға хабарлаған. Полиция департаменті бұл фактіні растап, тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жылу құбырының маңына нәрестесін тастап кеткен безбүйрек ана табылды