Выйти
RU

Түркістан облысында жолаушылар көлігі аударылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының Шардара-Келес тас жолында жолаушылар мінген "Старекс" автокөлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға бүгін, 18 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында орын алған. Жол апатынан тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысы Шардара-Келес тас жолында Келес ауданы аумағында "Старекс" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға орнында Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жол апатына ауа райының қолайсыздығы мен тұман себеп болуы мүмкін.

"'Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықталуда," – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау-Көкпекті бағытындағы тас жолында "Лада" мен "Тойота Хайландер" автокөлігі бетпе-бет соғылған. Оқиға орнында төрт адам қаза тапты.

"Тойота" автокөлігінде болған төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында жолаушылар көлігі аударылды