RU
Алатау ауданының бұрынғы әкімін ұстау сәтінен видео пайда болды

Алатау ауданының бұрынғы әкімін ұстау сәтінен видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімін тұтқындау сәтінде түсірілген видеоны жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Ведомство өкілдері экс-әкіммен бірге оның орынбасары мен аудандық мәдениет бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша күдікке ілінгенін мәлім етті.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері үш шенеуніктің мемлекет қаражатын жымқыру бойынша айыпталып жатқанын мәлім етті. Аталған қаражат былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша өңірлерді дамыту мақсатында бюджеттен бөлінген.

Ведомство таратқан баспасөз хабарламасына сәйкес, бұрынғы аудан әкімі мен оның орынбасары қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Енді шенеуніктерге қатысты бұлтартпау шарасын белілеу мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ хабарламада мәдениет бөлімі басшысының ұсталмағаны айтылды. Себебі, ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме беру үшін тергеу органына келуге міндеттелген.

Еске сала кетейік, "Ұлттық тестілеу орталығы" басшысының бұрынғы орынбасары Дархан Жақсыбековке қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Оның сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс жасағаны дәлелденді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel