Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушысы белгісіз себептермен қайтыс болды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда екінші сынып оқушысы дәрігерге қаралғанан кейін, ертесіне көз жұмды. Бұл туралы астаналық полиция департаменті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға cілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы жағдай туралы ақпарат 14 қаңтар күні сағат 19:33-те түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері қыздың бір күн бұрын өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге қаратып, ем жаздырып алған. Ал ертесіне баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалады. Оқушы қыз жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, елордада екі жастағы бүлдіршін анасымен бірге тіс дәрігерінің қабылдауына барғаннан кейін кенеттен комаға түскен еді.

Кейіннен денсаулық сақтау министрлігі аталған емханада тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, анестезия үшін бүлдіршінге егілген үш дәрі-дәрмектің біреуі – 4 жасқа дейінгі балаларға салуға тыйым салынған. Сонымен қатар, күрделі ота жасамас бұрын стоматологияда балаға дұрыс медициналық зерттеу жүргізбеген. Бұдан бөлек, сәбиге дәрі-дәрмек салған клиниканың анестезиолог-реаниматологының медициналық сертификатының мерзімі өтіп кеткені анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836742-nr-sltanda-mektep-okusysy-belgisiz-sebeptermen-kajtys-boldy/

pixel