RU

МакГрегор мен Серроне жекпе-жегі: тікелей көрсетілімді қайдан көруге болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 қаңтар күні таңертең UFC 246 турнирі жалауын көтереді. Кештің басты жекпе-жегінде ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор екі жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралып, америкалық Дональд Серронемен кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото mmajunkie.com

Фото mmajunkie.com

Жанкүйерлердің көптен күткен жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтпек. Vesti.kz-тің мәліметінше, жекпе-жек QazSport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сондай-ақ тікелей көрсетілімді телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Турнир таңғы сағат 7-де басталмақ. Ал МакГрегор мен Серроненің қатысуымен өтетін кештің басты жекпе-жегі 9:00-де басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, Конор МакГрегор 2018 жылғы қазан айында ресейлік Хабиб Нурмагомедовке мерзімінен бұрын жеңілгеннен бері жекпе-жекке шыққан жоқ.

Ол былтырғы күзде Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралғанын, сондай-ақ ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізу мүмкіндігін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ бұған дейін Өзбекстанның Бұхар облысы Пешкун ауданының тұрғыны ел президенті Шавкат Мирзиеевке жүгініп, UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедовпен жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұрағанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
МакГрегор мен Серроне жекпе-жегі: тікелей көрсетілімді қайдан көруге болады
Mailfire view pixel