RU
Бауыржан Исламхан "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізді (фото, видео)

Бауыржан Исламхан "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ресейлік "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: instagram.com/vestikzsport

Кадрлар: instagram.com/vestikzsport

Қазақстандық футболшының Санкт-Петербургтың "Зенит" командасы құрамында өткізген алғашқы жаттығуының фотолары мен видеосы Vesti.kz порталының Instagram парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ ол "Р-Спортқа" берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды клубқа шақырмас бұрын, оның бұрынғы командаласы ресейлік Андрей Аршавинмен кеңескенін атап өтті.

Медведевтің сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар Исламханды елдің үздік футболшысы деп атаған.

"Бауыржан Исламханның "Зенит" ойыншысы болатын-болмайтыны оның қаралымда өзін қалай көрсететініне байланысты. Ол Қазақстанның соңғы жылдардағы үздік ойыншысы, ұлттық құраманың капитаны. Мен Қазақстандағы мамандармен сөйлестім, олардың пікірінше, Исламхан қазіргі футболшылардың ең үздігі. Әрине, оның кандидатурасы жайында Андрей Аршавинмен кеңестік", – деді Медведев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel