RU
Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік ондыққа кірді

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік ондыққа кірді

Рассказать Вконтакте

Бүкіләлемдік бокc кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр. Бұл рейтингте бұрын 13-ші орында болған Жәнібек көрсеткішін едәуір жақсартып, оныншы орынға табан тіреді.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. "Қазақ бокс стилі" көктемде рингке қайта оралмақ.

Айта кетейік, 19 қаңтар күні таңертең UFC 246 турнирі жалауын көтереді. Кештің басты жекпе-жегінде ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегор екі жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралып, америкалық Дональд Серронемен кездеседі.

Жанкүйерлердің көптен күткен жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтпек. Vesti.kz-тің мәліметінше, жекпе-жек QazSport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сондай-ақ тікелей көрсетілімді телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel