2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Макгрегор Серронені алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Конор Макгрегор. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Конор Макгрегор. Фото: Ethan Miller/Getty Images

Лас-Вегаста UFC 246 турнирі аясында ұйымдастырылған ирландиялық пен америкалықтың кездесуі аяқталды.

Бұл Макгрегор үшін ұзақ спорттық үзілістен кейінгі алғашқы кездесу болды. Спортшы ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедовке жеңілген соң бір жарым жыл бойы октагонға шықпаған еді.

Sports.kz басылымы кездесудің бес раундқа жоспарланғанын хабарлады. Бірақ, ирландиялық қарсыласын жекпе-жектің бірінші раундында нокаутқа түсірді.

Осылайша, Макгрегор өз спорттық мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді. Ал америкалық 14-рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, осыған дейін ирландиялық спортшы Хабиб Нұрмагомедовпен мәскеулік аренада реванш өткізу туралы айтқан еді.

Алайда, Нұрмагомедов командасы ирландиялықпен кездесу ұйымдастыруға дайын емес екенін хабарлады. Ресейлік спортшы Макгрегор өзіне қарсылас ретінде қызық емес екенін айтып, реванш туралы талқылаудан бас тартты.

Айта кетейік, бүкіләлемдік бокc кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Макгрегор Серронені алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (видео)