Выйти
RU

Макгрегордан нокаут алған Серроне ауруханаға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық спортшы Дональд Серроне Конор Макгрегорға жеңілгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды. Ирландиялық спортшы қарсыласын 40-секундта нокаутқа жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

UFC 246 турнирі соңына жеткен соң америкалық ауруханаға жеткізілді. Ол ирландиялықпен өткен жекпе-жекте жарақат алып қалған деп хабарлайды Вести.Ru порталы.

Басылым кездесуден кейін баспасөз қызметі жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Бірақ, америкалық өзін нашар сезінгендіктен, жиынға қатыса алмады.

Әзірге Серроненің ауруханаға жатуына не себеп болғаны белгісіз. Ресейлік БАҚ редакциясы ұйымдастырушылар бұл қадамды шоу бөлігі ретінде қарастырып отырғанын айтады.

Айта кетейік, осыған дейін Конор Макгрегордың америкалық спортшымен кездесу өткізгені белгілі болған еді. Көпшілік ирландиялықтың жекпе-жегін бір жарым жыл күткен болатын.

Ол соңғы рет Хабиб Нурмағомедовпен жұдырықтасып, жеңіліске ұшыраған.

Ал бұл жолы Конор Макгрегор Дональд Серронені бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Осылайша, ирландиялық өз спорттық мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді. Ал америкалық 14-рет жеңілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Макгрегордан нокаут алған Серроне ауруханаға түсіп қалды