Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Опубликовано:

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға орнында бір әйел қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бір келіншектің жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жол апаты 18 қаңтар күні сағат 18:30-да Алматы-Бішкек бағытындағы 128-шақырымда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Previa минивэні Бішкекке бағыт алып бара жатқанда алдынан Highlander кроссовері Ақтерек ауылынан шығып қалған.

Previa жүргізушісі шетке бұруға тырысқанымен, кроссоверге соғылады. Ауыр соққыдан минивэн жолда, екінші көлік жол жиегінде аударылады.

Жол апатынан кейін минивэн жүргізушісі Highlander-дегі жолаушыларға көмекке ұмтылған. Ол салонда бірнеше адамның есінен танып жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1940 жылы туған келіншекті өлі күйінде тапқан. Тағы бір келіншек аурухана бөліміне жеткізілді, жағдайы ауыр. Ал қос көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Highlander жүргізушісі жол бойында келе жатқан минивэнді байқамай қалғанын айтады. Алматы облысының анықтаушылары оқиғаның барысын тексеруде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836816-almaty-biskek-tas-zolynda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy/

pixel