Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік мектепте қазақ сыныбы ашылды

Опубликовано:

Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: facebook.com/esengaliy
Фото: facebook.com/esengaliy: Facebook
"Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр. Өзге ауылдарда да қазақ тілін меңгергісі келетіндер бар", - деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.

Ол ауылдағы қазақтар дәстүрді сақтап қалғанын айтты.

"Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Бүгінде Дүйсенбай аға Беқұжынов жетекшілік ететін біздің автономияның жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асырады", - деді Ыбыраев.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметіне сәйкес, Голышманов ауданында екі мыңға жуық қазақ тұрады. 

Өткен жылдың қазан айында Түмен облысындағы Упорово ауылында жаңа қазақ сыныптары үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Айта кетейік, Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға орнында бір әйел қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бір келіншектің жағдайы ауыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836819-resejlik-mektepte-kazak-synyby-asyldy/

pixel