RU
Димаш Құдайберген Токиода фестивальде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Токиода фестивальде өнер көрсетеді

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген 2020 жылдың мамыр айында Токиода джаз фестивалінде өнер көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ Димаш Құдайберген

Фото: Instagram/ Димаш Құдайберген

Бұл туралы Tokyo Jazz Festival сайтында жазылған.

Фестиваль 22-24 мамырда өтеді, оған 90 мың адам жиналады деп көзделген. Билеттер қазір сатылып жатыр.

Орындаушылардың арасында америкалық пианист және композитор, 14 Грэмми сыйлығының иегері Херби Хэнкок бар. Ол әлемдегі ең беделді джаз музыканттарының бірі ретінде танымал.

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында Димаш Токиоға барған еді. Ол Азия-Тынық мұхиты фестивалінде құрметті қонақ ретінде өнер көрсетті. Әнші жапон көрермендеріне Қазақстан туралы әңгімелеп, туған елінің көп ғасырлық тарихы бар екенін атап өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, танымал айтыскер ақын, бүгінде ғылым саласында еңбектеніп жүрген Жұлдыз Қазихан KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Сахнадан уақытша алыстап кеткен ақын қазіргі айтыс деңгейіне, өзін мазалайтын қоғамда өткір мәселелерге қатысты пікір білдіріп, биліктегі ода айтуға лайықты шенеуніктер туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, ол ұлының есімін неліктен Бердібек қойғанын да жасырмай айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel