Выйти
RU

Алматыда жер сілкінісі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жер сілкінісі болды. Бұл жайында мегаполис тұрғындары желіде жарыса жазып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы тұрғындары жер дүмпуі кешкі сағат 19:30 шамасында болғанын айтады.Мегаполистің Төтенше жағдайлар департаменті сілкіністің 19.27- де болғанын хабарлады. Дүмпулер"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісінде тіркелді.

Ведомствода жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 370 шақырым жерде, Қытай территориясында болғанын мәлімдеді.Мамандар ақпараты бойынша жер дүмпуінің энергетикалық санаты 14.1.

"Магнитуда MPV 6.0. Тереңдігі 10 шаршы км. Сезілу дерегі (MSK шкаласы бойынша-64) Алматыда 3-4 баллды құрайды",- деді қалалық ТЖД.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Барлық қызметтер дайындыққа шақырылды.

Айта кетейік, Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға орнында бір әйел қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бір келіншектің жағдайы ауыр. Жол апаты 18 қаңтар күні сағат 18:30-да Алматы-Бішкек бағытындағы 128-шақырымда болған.Highlander жүргізушісі жол бойында келе жатқан минивэнді байқамай қалғанын айтады. Алматы облысының анықтаушылары оқиғаның барысын тексеруде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жер сілкінісі болды