RU
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойында, Пугачев ауылы маңында 19 қаңтар күні болды. "ВАЗ-2109" және "Лада Ларгус" автокөліктері түйіскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына қос бірдей жедел жәрдем бригадасы жетті. Пугачев ауылынан да медицина қызметкері шықты.

Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса 2001 және 2004 жылғы қыздар, 1996 жылғы жігіт пен 1988 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Айта кетейік, "Борисполь" халықаралық әуежайында Ирандағы әуе апатынан қаза тапқан "МАУ" әуе компаниясы ұшағының экипаж мүшелері мен украиндық жолаушыларды аза тұтуға арналған шара басталды.

Укринформ агенттігінің хабарлауынша, әуежайға қаза тапқандардың туыстары жиналған. Сонымен қатар гүл алып келген адамдардың қарасы да қалың. Әуежайда медициналық қызметтердің, Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, Ұлттық гвардия жауынгерлері, Ұлттық полиция қызметкерлері жүр. Аза тұту шарасына қатысты ақпарат тарату үшін келген журналистердің легі де мол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel