RU

Хабибтің әкесі Макгрегормен реванш өткізу үшін 37,6 млрд теңге сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұлы Конор Макгрегормен 100 млн долларға (37,6 млрд теңге) жұдырықтасатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: "Спорт-экспресс" Youtube-арнасына сұхбаты

Видеодан кадр: "Спорт-экспресс" Youtube-арнасына сұхбаты

Дэйн Уайттың "Хабиб-Конор" кезекті кездесуі өтуі тиіс деген мәлімдемесіне бапкер осылай жауап берді.

Чемпионның әкесі бұл ақпаратты БАҚ өкілдері мен Дэйн Уайтқа жолдады деп хабарлайды Спорт Риа "Новости".

Абдулманап Магомедұлы реванш өзіне қызықты емес екенін, бірақ көп қаражат ұсынған жағдайда жекпе-жекке келісуге болатынын мәлімдеді. Бапкердің пікірінше, Дэйн Уайт бұл кездесуді өткізуге құштар және Хабиб пен Тони Фергюссонның сәуірде өтетін жекпе-жегінен кейін ақшаны ұсынуға дайын болуы мүмкін.

Айта кетейік, күні кеше Лас-Вегаста UFC 246 турнирі аясында ұйымдастырылған ирландиялық пен америкалықтың кездесуі Конордың жеңісімен аяқталды.

Бұл Макгрегор үшін ұзақ спорттық үзілістен кейінгі алғашқы кездесу болды. Спортшы ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке жеңілген соң бір жарым жыл бойы октагонға шықпаған еді.

Sports.kz басылымы кездесудің бес раундқа жоспарланғанын хабарлады. Бірақ, ирландиялық Дональд Серронені жекпе-жектің бірінші раундында нокаутқа түсірді.

Осылайша, Макгрегор өз спорттық мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді. Ал америкалық 14-рет жеңіліске ұшырады.

Сондай-ақ, Серроне Конор Макгрегорға жеңілгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабибтің әкесі Макгрегормен реванш өткізу үшін 37,6 млрд теңге сұрады
Mailfire view pixel