RU

Қар жауып, бұрқасын болады: Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Елімізде ауа райының өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Қар жауып, бұрқасын болады: Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды
Көрнекі фото: pixabay.com: Original

20 қаңтарда күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын болып, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 18 м/с болады деп болжануда.

Қызылорда облысында да тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын мен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оның күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да тұман түседі деп болжады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан елорда тұрғыны туралы жазған болатынбыз.

Қайырбек Аяшев есімді азамат Есіл өзеніндегі ойықтың ішінде 40 минут бойы шыдай алды.

Ең қызығы, ол 12 жылдан бері қысы-жазы ауа райына қарамастан қысқа жеңді киім мен жеңіл шалбармен жүреді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836846-kar-zauyp-brkasyn-bolady-elimizdi-bes-oblysynda-dabyldy-eskertu-zarialandy.html