RU

Алматыда белгісіз азамат әншіні көшеде тонап, зорламақ болған

Алматыда белгілі әнші Уатхан Заханқызына белгісіз азамат шабуыл жасады. Жәбірленушінің сөзінше, қаскөй көлікті жылытып жатқанда ішіне отырып алған. Ол бастапқыда қызды тонап, артынша зорламақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ НеМолчи.kz
Фото: Facebook/ НеМолчи.kz: Facebook

Орындаушының сөзінше, оқиға 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түн болған. Кешкі 11 шамасында ол көлігін жылытып жатқанла қаскөй ішіне кіріп алған.

Осылайша, ол бойжеткенге бойжеткенің тамағына пышақ тақап, айтқанын істеуді бұйырады.

Артынша бетперде мен қолғап киген азамат қыздың аузын жауып, ұялы телефонын тартып алады. Ол бойжеткенге қайда жүру керек екенін көрсетіп отырады.

Біршама уақыттан соң шабуыл жасаушы мен әнші "Татарка" ауданына жеткен. Сол кезде арам пиғылды азамат арудың қолын байлап, шотындағы ақшаларын аударып алады.

Ісін бітірген соң ол бойжеткенді зорламақ болады. Алайда, әнші өзінің екіқабат екенін айтып, алдап, аман қалады.

Кейіннен күдікті байлаулы қолымен қаланы аралаған қыздан кіммен және қайда тұратынын сұрап, сонда бағыт алады. Азамат дүкеннен спирттік ішімдік сатып алып, қызбен көліктің ішінде бір сағатқа жуық әңгімелеседі.

Артынша олар Рысқұлов көшесіне бағыт алған. Авто тағы бір рет тоқтағанд, қаскөй бетпердесін шешіп, жәбірленушімен сөйлеседі. Осы тұста әнші оның бет-әлпетін, тіпті, дауысын есте сақтап қалады.

10 минут әңгімелескен соң азамат таксиге отырып, кетіп қалған. Артынша анықталғандай, күдікті қызға шабуылдаған жерге бет алыпты. Сол мекенжайда азаматың көлігі тұрған екен.

Күдікті кеткен соң Уатхан Заханқызы бірден полицияға аттанады. Жәбірленушіні тыңдаған тәртіп сақшылары үш күннің ішінде күдіктіні қолға түсірген.

Кейіннен әншінің жалғыз құрбан емес екені анықталды. Қазір құрбан тергеу изоляторында.

Орындаушы бұл жайында Facebook желісіндегі Немолчи.kz парақшасында баяндады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт көппәтерлі үйдің 5-қабатынан секіріп кетпек болды. Бірақ, ішкі істер органдары қызметерлері суицидтің алдын алып үлгерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836852-almatyda-belgisiz-azamat-nsini-ksede-tonap-zorlamak-bolgan.html