Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Қоңыр Аша Матай мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Жақында ғана екінші мәрте қызды болған отандық танымал әнші Арман Қоңыр жары Аша Матай мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Келіншегін әрбір мерекемен ерекше құттықтайтын өнер иесі бұл жолы да сол дәстүрді сақтаған. Жұлдызды отағасы әйелін гүл шоқтарын сыйлап, перзентхананы шарларға толтырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/olga_kim_life. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/olga_kim_life. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Арман Қоңырдың жары мен қызын перзентханадан қалай шығарып алғаны жөнінде жұлдызды жұп жақындарының Instagram парақшаларынан белгілі болды. Екінші мәрте ата-ана атанған ерлі-зайыптылардың қуанышына жиылған көпшілік желіде фото мен видеолармен белсенді түрде бөлісіп жатты.

Перзентханадан шығару рәсіміне жұбайлардың туысқандарымен бірге, жақын достары да келген. Олардың қатарында Әсем Нұрсейітова, Раджив Сатжан, Айжан Бегасыл, Дильен, Бауыржан Сатов, Ольга Ким және т.б.

Жиылған көпшілік жұлдызды анаға гүл шоқтарын тарту етіп, өз ақ тілегін білдірген.

Айта кетейік, Арман Қоңыр мен Аша Матай осы жылдың 13 қаңтарында екінші рет ата-ана болды. Өнер иелері қызына Айым деген есім берді. Алғашқылардың бірі болып, кішкентай сәбимен түскен суретін әкесі жариялаған.

Жұлдызды жұптың тұңғышы да - қыз бала. Оның есімі Асылым. Арман мен Ашаның бірінші перзенті 2016 жылы 31 қазанда дүниеге келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836855-arman-koyr-asa-mataj-men-kyzyn-perhenthanadan-sygaryp-aldy/

pixel