Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон мен Меркель Берлинде Путинді "жоғалтып алды" (видео)

Опубликовано:

Франция мен Германия көшбасшылары - Эммануэль Макрон мен Ангела Меркель топтық суреттің түсірілімі кезінде ресейлік әріптестері Владимир Путинді "жоғалтып" алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Макрон мен Меркель Берлинде Путинді "жоғалтты" (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Фототүсірілім Германия астанасы Берлинде Ливия мәселелері бойынша өткен халықаралық конференция кезінде болды.

Кремльдік журналист көшбасшылардың іс-әрекеті бейнеленген видеоны Twitter парашасына жүктегеннен кейін ол желіде кеңінен тарап кетті.

Видеодан Меркель мен Макронның әлденеге алаңдап тұрғанын көруге болады.

Алғашқы сәттерде олар жан-жағына қарап тұрды. Кейіннен Меркель БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришке қандай да бір мәселені айтты.

Бірнеше секунд өткен соң Франция президенті айналаға қарау үшін алға қарай шықты. Дәл сол кезде Меркель шет жақта тұрған біреуді көрсетіп, қол сілтейді.

Анықталғандай, екі саясаткер ресейлік әріптестері Владимир Путинді жоғалтып алған екен. Ресей президенті кадрда пайда болғаннан кейін бірден Макронмен және өзге де конференция қатысушыларымен қол алысып, амандаса бастады.

Ливия мәселелері бойынша конференция жексенбіде, 19 қаңтар күні Берлинде өтті. Оған Франция, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Түркия және Мысыр елдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға БҰҰ-ның бас хатшысы және Еурокомиссия басшысы мен өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Меркель Қазақстанның әнұранын орындықта отырып тыңдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836857-makron-men-merkel-berlinde-putindi-zogaltyp-aldy-video/

pixel