Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда таралған қауіпті вирустан тағы бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Қытайда коронавирустың бұрын белгісіз болған түрінен туындаған пневмонияны жұқтырудың нәтижесінде үшінші адамның көз жұмғаны туралы белгілі болды. Ауру қоздырғышының нақты берілу жолдары әлі күнге дейін анықталмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайда қауіпті вирустан тағы бір адам қайтыс болды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Life.ru басылымы қытайлық Ухань қаласының денсаулық сақтау комитетінің сайтына сілтеме жасай отырып осы айда пневмонияның белгісіз түрімен 200 адам ауырғанын хабарлады.

19 қаңтарда медицина қызметкерлері ауруды жұқтырудың жаңа 77 жағдайын тіркеді. Атап өтілгендей, аурудың жас ерекшелігі үлкен: науқастанған адамдардың арасында 25-89 жастағы ер адамдар мен әйелдер бар.

Айта кетейік, аталған ауру Жапонияда да тіркелді. Ер адам Қытайда іс-сапармен жүрген кезде вирусты жұқтырып алды. Алайда ауру Жапонияда бірден емделіп шықты.

Естеріңізге сала кетейік, ауру туралы өткен жылдың соңында белгілі болды: қытайлық билік адамдардың жаппай пневмониямен ауырып жатқанын хабарлады. Ақ халаттылар аурудың қайдан туындағанын анықтай алмады. Кейінірек ауруды коноровирустың жаңа түрі қоздырғаны белгілі болды.

Қоздырғышты анықтау мүмкін болғанымен қытайлық дәрігерлер вирустың таралу жолын таба алмады.

Осыған орай еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қытайға аттанғалы жатқан қазақстандықтарға үндеу жолдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836859-kytajda-taralgan-kauipti-virustan-tagy-bir-adam-kajtys-boldy/

pixel