Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйеніштерім": Екі қызына жүрекжарды жазба арнаған Қайрат Нұртас елді сүйсінтті

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде қыздарына қатысты әсерлі жазба қалдырып, көпшілікті толқытты. Эстрада өкілі қос перзентінің болашағына деген әкелік алаңдаушылығын білдіріп, олардың бақытты болуы үшін барын салатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Қайрат Нұртас жүрекжарды жазбасын Instagram желісінде жариялаған. Өнер иесі қыздары Сезім мен Алау жайлы ой-толғауымен көпшілік жүрегін елжіреткен. Жұртшылық жұлдызды әкенің қос қызына деген мұндай қарым-қатынасына тәнті болған.

"Қызбала әкеге жақын дейді. Бала, Алланың сыйы. Қыздарым бірі оң қанатым, бірі сол қанатым. Сүйеніштерім. Басындағы бақтары бес елі болса екен. Толы бақ, әр қазақ қызына қонса екен. Қыздарымның шынайы күлгені, менің шынайы бақытым, Нағыз бақыт, баламен өткен уақытым! Қызбалаларымыз тек тоқшылықта өссін" , - деп жазған әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас үлкен қызы Сезімді туған күнімен ерекше құттықтап, әсерлі тілегін білдірген болатын.

Оған қоса, отандық хитмен Instagram парақшасындағы барлық фотоларды өшіріп тастап, жанкүйерлерін алаңдатып қойған еді. Өнер иесінің бұл шешіміне не түрткі болғаны белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836869-sjenisterim-eki-kyzyna-zrekzardy-zazba-arnagan-kajrat-nrtas-eldi-sjsintti/

pixel