RU
Келіндер табаққа не үшін сәлем салады

Келіндер табаққа не үшін сәлем салады

Рассказать Вконтакте

Қазақ дәстүрінде келін ақ босаға аттап, беташар жасалғаннан кейін әулеттің үлкендеріне иіліп сәлем береді. Сәлем салу ең алдымен қарапайым амандасу түрі болғанымен, кей өңірдерде келіндер дастарханнан табақты алар сәтте де сәлем салады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: toibastar.com.kz

Көрнекі фото: toibastar.com.kz

  • Табаққа салем салу дегеніміз - ас жеп болған соң дастарқан басында отырған үлкен адам табақты келінге ұсынған кезде келін иіліп сәлем салып барып табақты алуы.

Табақты берген кісі "Ұл тап, қарағым!", "Өркенің өссін!", "Көп жаса!" деген сөздер арқылы батасын беріп, рақметін айтады.

Әр өңірдің салтында біршама өзгерістер болғанымен, бұл салттың түпнұсқасы, негізгі мағынасы бір.

Кей өңірлерде тамақ желініп болғаннан кейін бірден үлкен кісілер келінге табақты ұсынып, сәлемін қабыл алғаннан кейін ғана бата оқылады. Ал, кей өңірлерде ас қайырып, бата оқылып болғаннан кейін дастархандағы табақты алуға рұқсат етеді.

Дастархан басында отырғандарға төрдегі сыйлы қонақ немесе үлкен ақсақал дәмнен үлестіреді. Мысалы, қой сойылып, ет асылғанда шақырылған қонақтарға міндетті түрде бас табақ тартылады.

Бас табақ сыйлы қонақтың алдында болғандықтан, ол сол жерде отырғандардың барлығына сыбағасын үлестіруі тиіс. Есік алдында ойнап жүрген балалар болса, олардың да дәм татқаны маңызды.

Қазақтың ұмытылып бара жатқан бұл дәстүрінің астарында да тәрбиелік мән жатыр. Қонақ күту қамымен қызметте болған келіндерді де сыбағадан құр қалдырмай, "сарқыт" деп ұсынады.

Үлкендердің қолынан табақты алған келін сәлем салады. Себебі, ол - үлкенге деген сыйластық, сыйластықтың жауабы ретінде ол да бата алады. Жалпы, үй шаруасының бел ортасында білек сыбанып жүретін келінге жүктелетін міндет те көп қой.

Солардың бірі келін отбасына жылылық, береке орнатуы тиіс. Сондықтан, сәлем салу дәстүрі қалыптасқан.

Өйткені, келінге қарап, сол үйдің кіші ұл-қыздары бой түзейтін болған. сәлем салу арқылы отбасындағы сыйластыққа жол ашылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін түйемұрындық салтының қай кезде қолданылатынын жазған едік.

Түйемұрындық  — қыз ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алып, оны жүргізбей "түйе мұрындық деген атпен кәде сұрайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel