RU

Израильдегі форумда Зеленскийге сөз сөйлеуге рұқсат берілмеді

Алдағы күндері Израильде Холокост құрбандарын еске алуға арналған форум өтеді. Рәсім Аушвиц концлагерінің босатылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Украинаның басшысы Владимир Зеленский бұл шарада сөз сөйлеуді жоспарлаған. Алайда оған мұндай мүмкіндік берілмеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Фото: Maxym Marusenko/NurPhoto via Getty Images
Владимир Зеленский. Фото: Maxym Marusenko/NurPhoto via Getty Images: Facebook

Форумның алдында Украина президенті The Times of Israel газетіне сұхбат беріп, онда Украинаға сөйлеуге сөз берілмегенін айтты, бірақ ол бәрібір осы рәсімге қатысуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ол Холокост кезінде қайтыс болған еврейлердің әрбір төртіншісі Украинадан шыққанын, сондықтан бұл әділетсіз деп санайды.

Бұған дейін Израильдің СІМ Украина аумағында еврейлердің өліміне қатысы бар кісі өлтірушілерді атын атап, мәлімдеме жасайтыны туралы хабарлаған.

Украиналық тарап өз кезегінде бұл мәлімдемеге жауап беріп, антисемитизмнің кез-келген түрін қолдамайтындықтарын, сонымен қатар Холокост салдарынан қаза болған адамдар туралы тарихи жадтың сақталуын қолдайтындарын айтты.

Еске сала кетсек, рәсім 22-23 қаңтарға белгіленген. Алайда Польша көшбасшысы Анджей Дуда сөз сөйлеуге мүмкіндік берілмегендіктен форумға қатысудан бас тартқан.

Польша президентінің қатыспауына себеп болған тағы бір нұсқа - іс-шараның басты қонағы болатын Ресей басшысының қатысуы.

Айта кетсек, Макрон мен Меркель Берлинде Путинді жоғалтып алған еді. Жалпы фототүсірілім кезінде әріптестер Путинді іздеп қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836877-izraildegi-forumda-zelenskijge-sz-sjleuge-rksat-berilmedi.html