Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбаева "Еңбек сіңірген қайраткер" атағы үшін берілетін жеңілдіктер туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" атағы үшін әртістерге қарастырылған жеңілдіктерді атады. Өнер иесі аталмыш марапатқа ие болған жұлдыздардың өзге әріптестерінен асқан артықшылығы жоқ екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/aigul_imanbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айгүл Иманбаеваның сөзінше, өнер саласындағы еңбегі үшін берілетін атаққа қол жеткізген жұлдыздар президенттік ауруханада тегін емделе алады. Оған қоса, өнер иесі "еңбек сіңірген әртістер" қайтыс болған жағдайда, оларды жерлейтін жер дайын болады.

"Еңбек сіңірген қайраткерлер қатты ауырып қалсаңыз, президенттің емханасында тегін емделесіз. Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын. Кейде, бірақ, кім көрінген де алып жатады. Қанша еңбектенген әріптестерің алмай, басқа біреу алып кеткенде өзің де ойланып қаласың. "Не болып кетті? Біздің атақтың құны не болды" деп ойланатын кездеріміз болады" , - деді Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаеваның есімі Тараздағы танымал адамдардың аты жазылған тақташаға енгенін хабарлаған болатынбыз. Бұл жайт желідегілер арасында қызу пікірталас тудырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836878-imanbaeva-ebek-siirgen-kajratker-atagy-sin-beriletin-zeildikter-turaly-ajtty/

pixel