Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартып тастамақшы

Опубликовано:

Елімізде "Б" корпусындағы вакантты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салынып, мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаруы мүмкін. Мемлекет басшысының тиісті мораторий енгізу туралы жарлығының жобасы egov.kz сайтында Ашық заңдар бөлімінде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған жоба талқыланып жатыр. Егер мақұлданса, мораторий келесі жылдың бірінші күні басталады.

Жарлыққа сәйкес, "Б" корпусының вакантты әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс болуы ықтимал. Қайта құрылған мемлекеттік органдар бұл топқа кірмейді.

Құжаттың қосымшасында мораторий қолданылмайтын бөлімдер де көрсетілген. Олардың қатарына ауыл әкімдіктері, сонымен қатар ауыл әкімдерінің аппараттары, Қорғаныс министрлігі, президент әкімшілігі, президент ісі басқармасы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, премьер-министр мен Елбасының кеңсесі, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің мұрағаты кіреді.

Бұл жаңашылдық орталық сайлау комиссиясына, жоғарғы Сот кеңесіне, Конституциялық кеңеске де әсер етпейді.

Аталған жоба кезең-кезеңімен енгізілетін мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуды қарастырады.

Еске сала кетсек, Ақордада президент резерві мүшелерінің мемлекет басшысымен кездесуі өтті. Жиын барысында Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппаратта бес жүзге жуық өзгерістер болғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836885-kazakstanda-memlekettik-kyzmetkerler-sanyn-kyskartyp-tastamaksy/

pixel