RU
Instagram королі Макгрегордың 40 секунды үшін млн доллардан айырылып қалды

Instagram королі Макгрегордың 40 секунды үшін млн доллардан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Желіде "Instagram королі" лақап атымен танымал Дэн Билзерян Конор Макгрегор мен Дональд Серроненің кездесуіне ұтыс тіккен. Әлеуметтік желі жұлдызы америкалық спортшы жеңеді деп болжаған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дэн Билзерян және Конор Макгрегор. Фото: instagram.com/danbilzerian және instagram.com/thenotoriousmma

Дэн Билзерян және Конор Макгрегор. Фото: instagram.com/danbilzerian және instagram.com/thenotoriousmma

Билзерян өз тігісі жайлы Instagram-дағы stories-де айтқан. Оның оқырмандары 30 млн-ға жуық.

Блогердің хабарлауынша, ол Серроне жеңеді деп есептеген. Алайда, америкалық спортшы бір минутқа жетпей жеңіліп қалды. Макгрегор оны 40-секундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, блогер миллион доллардан айырылып қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Конор Макгрегордың америкалық спортшымен кездесу өткізгені белгілі болған еді. Көпшілік ирландиялықтың жекпе-жегін бір жарым жыл күткен болатын.

Ол соңғы рет Хабиб Нурмағомедовпен жұдырықтасып, жеңіліске ұшыраған.

Ал бұл жолы Конор Макгрегор Дональд Серронені бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Осылайша, ирландиялық өз спорттық мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді. Ал америкалық 14-рет жеңілді.

Америкалық спортшы Дональд Серроне Конор Макгрегорға жеңілгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды.

Ал Хабибтің әкесі Макгрегормен реванш өткізу үшін 37,6 млрд теңге сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel