RU

Қазақстан білім беру бойынша үздік 73 елдің ішінде 70-ші орынға жайғасты

Қазақстан сапалы білім алуға болатын ең жақсы елдердің қатарына енді. Дегенмен біздің мемлекет алдыңғы қатарлардан алыс орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Статистикаға сүйенсек, Қазақстан білім алуға болатын үздік елдердің арасында 70-ші орынға жайғасқан.

Ranking.kz хабарлауынша, өткен 2019 жылдың үшінші тоқсанында балаларға мектепке дейінгі білім беру саласында 92,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілген, оның 79,9% - бюджет қаражаты, 19,7% - ата-аналардың ақшасы.

Сондай-ақ, мамандар бұл саладағы қызметтердің тең жартысы халық тығыздығымен ерекшеленетін 5 аймақта орналасқан деп санайды.

Олардың қатарына Түркістан, Алматы, Жамбыл облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары кірген.

Мұнда білімге 11,8 млрд теңге, 7,9 млрд теңге, 7,7 млрд теңге, 9,6 млрд теңге және 7,5 млрд теңге жұмсалған.

Егер бала тәрбиесіне қолайлы әлем елдерінің рейтингін алсақ, онда Қазақстан тізімдегі 73 елдің соңында тұр.

Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды елдері аталмыш тізімде көш бастаған. Осы бағыттағы даму деңгейін дұрыс бағалау үшін арнайы сауалнамалар жүргізілді. Оппоненттер адам құқықтарына деген қамқорлық деңгейін мен отбасын құрметтеу деңгейін бағалауы, сондай-ақ гендерлік теңдіктің қалай сақталатындығын бақылауы керек болған.

Сонымен қатар критерийлердің ішінде жалпы бақыт сезінудің, әділетті табыс алу мүмкіндігінің және қауіпсіздік сезімінің деңгейі бар.

Мемлекеттік білім деңгейі мен денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейі соңғы көрсеткіштер болған.

Білім беру саласындағы ең жақсы елдердің рейтингі туралы айтатын болсақ, Қазақстан алдыңғы тізімнен үш позицияға жоғары тұрғандығын атап өткен жөн. Яғни, біздің республикамыз 73-тен 70-орын алды.

АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция сияқты елдер үздік атанды.

Мұнда рейтинг жасау үшін тек үш критерий қажет болған. Олар - дамыған мемлекеттік білім жүйесі, ел азаматтарының жоғары білім алуын жоспарлау және мемлекет сапалы білім беруді қамтамасыз етеді деген сенім.

Еске сала кетсек, Қазақстанның ересек азаматтары қаншалықты сауатты екені белгілі болған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836889-kazakstan-bilim-beru-salasyndagy-zdik-73-eldi-isinde-70-si-orynga-zajgasty.html