Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі тұтқындалды

Опубликовано:

Оңтүстік астанада екі күн бұрын ұсталған Алатау ауданының әкімі тұтқындалды. Онымен бірге оның экс-орынбасары да қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі тұтқындалды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: UGC

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы хабарлағандай, экс-әкім Шахмерден Рыспаев пен оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев екі айға қамалды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі мемлекеттік қызметкерді ұстау сәті түсірілген бейнероликті жариялады.

Жемқорлыққа қарсы агенттікте хабарланғандай, болжам бойынша, шенеуніктер мемлекеттік бағдарлама бойынша дамытуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, ауданның экс-басшысы ұрлықтан бөлек, пара алды деп күдіктелуде. Тергеу болжамынша, шенеунік мердігер компаниялардың бірін қорғауға алу үшін жарты миллион теңге алған.

Сонымен қатар, Рыспаев қызмет бабында жалған құжат жасады деп күдіктелуде. Ол орындалған жұмыстар актісіне жалған деректерді енгізген.

Іске ауданның мәдениет бөлімі басшысы да қатысқан. Алайда ол қамауға алынған жоқ. Мемқызметкер өз кінәсін мойындады.

Сот күдіктілердің кінәсін анықтап, шешім қабылдайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836890-almatyda-alatau-audanyny-eks-kimi-ttkyndaldy/

pixel