Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп ұйқы проблема тудыруы мүмкін": Дені сау адам неше сағат ұйықтау қажет

Опубликовано:

Кез келген жанның санасында "жақсы демалу үшін, таңертең сергек ояну үшін көбірек ұйықтау керек" деген түсінік қалыптасқан. Алайда бұл үшін ұзақ ұйықтау маңызды емес. Шын мәнінде адам баласы күнделікті неше сағат ұйықтау керек? Көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап жауап береді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Басылым дерегінше, ұйқы жетіспеуінің көптеген жағымсыз салдары бар. Оларға шаршау мен жұмыста ұйқылы-ояу отырудан бастап, кофе мен түрлі сергітетін энергетикалық сусындар ішу жатады.

Ал ұйқының шамадан тыс болуы да көптеген проблемалар тудыруы мүмкін.

Америкалық ғалымдар бұл сұрақ төңірегінде бас қатырып, беделді денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері: неврологтар, психиатрлар, геронтологтар, педиатрлардан құралған топ құрған.

Екі жыл ішінде зерттеушілер ұйқы, оның денеге және денсаулыққа әсері туралы ғылыми мақалалар мен есептерді мұқият зерттепті.

Соның нәтижесінде, ұйқы жасқа байланысты қанша уақытқа созылатындығы туралы жаңартылған ұсыныстарды жасап шыққан.

  • 0-3 айлық сәбилер — 14-17 сағат.
  • 4–11 айлық сәбилер— 12-15 сағат.
  • 1-2 жастағы балалар — 11-14 сағат.
  • Мектеп жасына дейінгі балалар (3-5 жас) — 10-13 сағат.
  • Бастауыш сынып оқушылары (6–13 жас) — 9-11 сағат.
  • Жасөспірімдер (14-17 жас) — 8-10 сағат.
  • Жастар (18-25 жас) — 7-9 сағат.
  • Үлкендер (26-64 жас) — 7-9 сағат.
  • Қарттар (65 жастан ары қарай) — 7-8 сағат.
Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл сандар әр адамның жеке ерекшеліктеріне қатысты. Яғни, адамға қажет ұйқының мөлшері жасқа ғана емес, өмір салтына, белсенділік деңгейіне және жалпы денсаулығына байланысты болып табылады.

Еске сала кетсек, осыған дейін сыйлы адамға тартылатын бастың тісін неге қағатынын айтқан болатынбыз.

Одан бөлек, қонақтың жолына қарай тартылатын табақ түрлері туралы жаздық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836893-kp-jky-problema-tudyruy-mmkin-deni-sau-adam-nese-sagat-jyktau-kazet/

pixel