RU
Дәурен Айдарқұлов әйелінің келіндік міндетін орындамайтынын айтып қойды

Дәурен Айдарқұлов әйелінің келіндік міндетін орындамайтынын айтып қойды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов жары Ақбота Айдарқұлованың келіндік міндеттерін қалай орындап жүргені жайлы бар шындықты айтты. Белгілі әзілкеш әйелі келін ретіндегі қызметін айтарлықтай атқарып жүрмегенін жайып салды. Жұлдызды отағасы келіншегі енесінің алдында тіпті, сәлем салмайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/daurenaidarkulov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айдарқұлов отбасымен бірге заманауи өмір сүріп жатқанындарын жасырмады.

"Ақбота ондай нәрселерді қолданып жатқан кезде анам енді өзі жас кезінен Алматыға көшкеннен кейін "ондай нәрселерді қоя ғой, онсыз да сыйластығыңа рахмет" деп айтады. Қысқасы осылай, заманауи тұрғыда өмір сүріп жатырмыз" , - деп ағынан жарылды актер.

Ал танымал әзілкеш Мейіржан Түребаевтың әйелі Дана Есеева болса, әлі күнге дейін енесінің көзінше орамал тағып, оған сәлем салып тұратынын жеткізді.

"Ол қалыпты нәрсе. Қонақтар мен туыстар келгенде орамал тағып, сәлем беру керек. Өзінің бір салттары бар. Дастархан салттарын бір үш жылдың ішінде үйрендік" , - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel