Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жекпе-жекке шыққан қораз қаруымен көрерменді өлтіріп тынды

Опубликовано:

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында қораздар жекпе-жегінің 55 жастағы көрермені қаза тапты. Ол жануардың шабуылынан соң мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Қораздар төбелесін тамашалаған көрермен абайсызда жануар қолынан қаза тапты
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Ұйымдастырушылар құстардың аяғына ұстараның ұзын жүзін байлаған. Кенеттен бір қораз жекпе-жекті басқарушының қолынан қозғалып, қаруымен көрерменнің бірін кесіп өтіпті.

Ұстара ер адамның іш қуысына терең еніп кеткен. Сол себепті ол көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмады.

Жекпе-жек жыл сайынғы дәстүр бойынша қаңтар айының ортасында аталып өтетін индуисттік Макара-санкранти мерекесі аясында ұйымдастырылған. Талас-тартыс құстардың бірі өлгенше жалғасады екен.

Мемлекеттің тыйым салуына қарамастан Үндістан тұрғындары қауіпті спорт түрін тамашалағанды ұнататын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам о дүниеден қайтып келген еді.

Сонымен қатар, Үндістанда осыған ұқсас жағдай орын алған. 55 жастағы фермер жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті.

Одан бөлек, Үндістанның Раджастан штатында ерекше қыз бала дүниеге келді. Нәрестенің төрт аяғы мен үш қолы болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836902-zekpe-zekke-sykkan-koraz-karuymen-krermendi-ltirip-tyndy/

pixel