Выйти
RU

Алматыда бірнеше күнде үш жер сілкінісі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында тағы бір жел сілкінісі байқалды. Бүгін, 20 қаңтар күні Талдықорған мен Текелі тұрғындары жеп дүмпулерін сезінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR..KZ

Көрнекі фото: NUR..KZ

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қазақстандық сейсмологтарға сілтеме жасай отырып, жер сілкінісі дүйсенбі күннің алғашқы жартысында болғанын мәлімдеді.

Дүмпудің эпицентрі Текелі қаласы мен Руднечный ауылы арасындағы нүкте. Яғни, оңтүстік астанадан 231 шақырым жерде орналасқан.

Анықталғандай, Талдықорғанда жер асты дүмпулер 3 балл болса, Текеліде 3-4 баллды көрсеткен.

Департаментте жер асты дүмпулері туралы ақпарат алғаннан кейін өңірдің барлық шұғыл қызметтері, сондай-ақ жағдайды нақтылау үшін жергілікті атқарушы органдар хабарланғанын атап өтті.

Ведомствода зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін де жеткізді.

Айта кету керек, бұл Алматыдағы соңғы төрт күндегі үшінші жер сілкінісі.

20 қаңтар күні Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгені жайлы желіде жарыса жазды. Олар жер дүмпуі кешкі сағат 19:30 шамасында болғанын айтады.

Мегаполистің Төтенше жағдайлар департаменті сілкіністің 19.27- де болғанын хабарлады. Дүмпулер "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісінде тіркелді.

Ведомствода жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 370 шақырым жерде, Қытай территориясында болғанын мәлімдеді. Мамандар ақпараты бойынша жер дүмпуінің энергетикалық санаты 14.1.

"Магнитуда MPV 6.0. Тереңдігі 10 шаршы км. Сезілу дерегі (MSK шкаласы бойынша-64) Алматыда 3-4 баллды құрайды",- деді қалалық ТЖД.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Барлық қызметтер дайындыққа шақырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда бірнеше күнде үш жер сілкінісі болды