Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер сілкінісі: Алғашқы дүмпулерді сезгеннен кейін не істеу керек

Опубликовано:

Жер сілкінісі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы бірнеше күн ішінде Алматыда бірқатар жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері - мұнда жиі орын алады. Біреулердің жер сілкінісіне еті үйреніп қалса, ал енді біреулер оларды мүлде елемейді. Өңірдегі тұрақсыз сейсмикалық жағдайға байланысты KAZ.NUR.KZ сіздерді ҚР ІІМ ТЖК нұсқаулықтарымен таныстыруға шешім қабылдады.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу қажет?

  • Төсектер терезеге жақын маңда орналаспауы керек. Егер үйіңізде төсектер дәл терезе тұсында тұрса, бірден орнын ауыстырыңыз.
  • Екіншіден, үйдегі барлық шкафтар мен сөрелерді тексеріп алған жөн. Егер олар теңселіп, дұрыс тұрмаса, бекітіп қойған дұрыс. Олардың үстінде тұрған қауіпті заттарды да алып тастаңыз.
  • Үйдегі тоқ аударғыштың қайда орналасқанын білген маңызды. Себебі ТЖ кезінде бірден электр қуатын сөндіріп кету қажет.
  • Үйіңізде құжаттар мен қосымша киім, дәрі-дәрмек, сіріңке салынған арнайы рюкзак болуы шарт.

Жер сілкінісі (немесе оның пайда болу қаупі) кезінде қалай әрекет ету керек?

  • Әріптестеріңізбен/достарыңызбен/отбасы мүшелеріңізбен бірге жоспар құрып, алдын ала кімнің неге жауап беретінін анықтап алған жөн.
  • Егер сізбен бір жағдай орын алса, көмекке жүгінуге болатын адамды таңдау.
  • Арнайы дайындалған қажеттінің бәрі салынған рюкзакты алу керек. Егер ондай рюкзак болмаса, өзіңізбен бірге тек құжат пен ақша, ауыстыратын киім алыңыз.
  • Егер мүмкіндік болса, электр қуаты мен суды өшіріп кеткен дұрыс.
  • Бірінші қабат тұрғындарына дереу ғимараттан кету қажет. Одан жоғарғы қабатта тұратын адамдарға ең қауіпсіз орындарға жайғасуға кеңес беріледі. Олар міндетті түрде басын қолымен қорғап, жабуы керек.
  • Сілкініс тоқтағаннан кейін бірінші қабатқа қабырғаға сүйкене отырып түсу қажет.
  • Электр қуаты мен үзілген сымдардан алыс жүрген абзал.

Жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды?

  • Дүрлігуге;
  • Есіктен өтер жолда топтасуға;
  • Лифтіні қолдануға;
  • Балконға немесе сатыға көтерілуге;
  • Терезеден немесе балконнан секіруге;
  • Электрлікті қосуға, сіріңкені қолдануға тыйым салынған.

Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?

Біріншіден кез келген соққының аяқталғанын күту қажет. Содан кейін мүмкіндігінше көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу керек:

  • алғашқы көмек көрсету;
  • сынықтың астында қалған адамдарды құтқару;
  • балалар мен ауру жандардың, жүктілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ғимараттың ішіне кірмес бұрын жан-жағыңызға қарап, қабырға мен сатылардың құламайтынына көз жеткізіңіз. Ғимартта ештеңені тоққа қоспаңыз.

Егер сіз сынықтардың астында қалсаңыз, сабыр сақтап, көмек шақырыңыз. Көмек келгенше еденді, құбырды қолмен ұрыңыз. Мүмкіндік болса, өзіңізге алғашқы көмек көрсетіңіз.

Қайта сілкініске дайын болыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бірнеше күнде үш жер сілкінісі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836908-zer-silkinisi-algasky-dmpulerdi-sezgennen-kejin-ne-isteu-kerek/

pixel