Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам туған қызын бұрынғы әйеліне ұқсағаны үшін ұрып-соққан

Опубликовано:

Санкт-Петербург қаласының тұрғынды туған қызын қорлады деп күдіктелуде. Ол алты жасар қыздың шашын тақырлап алып, оны жүйелі түрде ұрып-соққан. Ер адамның сөзінше, кішкентай қыз оның бұрынғы әйеліне ұқсағаны үшін ол осындай қадамдарға барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ер адам туған қызын бұрынғы әйеліне ұқсағаны үшін ұрып-соққан
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

15 қаңтар күні ауруханаға алты жасар қыз келіп жетті. Ол бірнеше жерінен жарақат алған, ал шашы тақырлап алынып тасталған. Кішкентай қыз бір апта жансақтау бөлімінде жатты.

Алты жасар қызбен әңгімелесу кезінде оның ата-анасынан соққы алып келгені анықталды. Әкесі қызын шашынан сүйреп, тістерін сындырмақ болған.

Қыз төсегіне кіші дәрет сындырғаны үшін әкесі оны аяусыз таяқпен ұрған. Кішкентай балақай ата-анасы түнде төсекке байлап қойғандықтан, дәретханаға бара алмай қалған.

Хабарланғандай, қыздан бөлек, отбасы төрт жасар ұл мен жаңа туған нәрестені асырап отыр екен. Қазіргі таңда барлық балалар ата-анасынан алыстатылды.

Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша РФ ІІМ ММ баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Қыздың әкесі мен оның бірге тұратын әйелі балаға жүйелі түрде күш қолданғаны анықталды.

Әкеге қатысты "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның жұбайына қытысты "Азаптау" бабы бойынша іс қозғалды.

"Фонтанка.ру" басылымының хабарлауынша, қыз ер адамның бұрынғы әйеліне ұқсағаны үшін әкесі оны ұрып-соққан.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ тұрғыны бір жылда екі рет егіз босанғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836919-er-adam-tugan-kyzyn-bryngy-jeline-ksagany-sin-ryp-sokkan/

pixel