Выйти
RU

Селин Дион анасының өлімінен кейін бірнеше сағаттан соң сахнада ән айтқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Күллі әлемге әйгілі әнші Селин Дион анасы қайтыс болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң, сахнада ел алдында өнер көрсетті. Өнер иесінің бұл әрекеті желіде қызу пікірталасқа ұласқан. Бірі жұлдызды қайғы орын алған сәтте ән салғаны үшін сынаса, енді бірі керісінше кәсібилік танытқаны үшін мақтап жатты деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Белгілі болғандай, ұзақ жыл бойы ауыр дертпен күресіп келген Тереза Дион 93 жасында о дүниеге өткен. Әншінің анасы Канадада қайтыс болды.

Әлемдік эстраданың жұлдызы бұл уақытта Майами қаласында концерт бергелі жатқан. Селин аталмыш кешті алдын ала жоспарлап қойғандықтан, қайғыға қарамастан кәсібилік таныта өнер көрсетуге мәжбүр болды.

Дион сахнадан анасының құрметіне ән шырқап, табынушыларына жағдайы жақсы екеніне сендірді.

"Барлықтарыңыз бүгін таңертен мен анамнан айырылып қалғанымнан хабардар боларсыздар. Бірақ, менің жағдайым жақсы. Бәз бәріміз - оның отбасы - бәріміз жақсымыз" , - деді әнші.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Тереза санаулы күндері қалғанын алдын ала білген. Өлімінен бірнеше күн бұрын оған емдеуші дәрігері хабарласып, жаман хабарға дайын болуды ескерткен.

Сол себепті, Селин анасымен қоштасып үлгерген. Жақында әнші отбасымен оған ұшып келген.

Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиева әкесін туған күнімен ерекше құттықтаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Селин Дион анасының өлімінен кейін бірнеше сағаттан соң сахнада ән айтқан