RU

Арықтап кеткен Анджелина Джоли мен қызы елді алаңдатып қойды (фото)

44 жастағы актриса Анджелина Джоли мен оның Брэд Питтен туған 13 жастағы қызы Шайло қатты арықтап кеткен. Бұл жайында Голливуд жұлдызының "фанаттары" айтып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/shiloh.jolie.pitt
Фото: instagram.com/shiloh.jolie.pitt: Instagram

Соңғы уақытта 44 жастағы актриса мен 13 жастағы қыз біраз салмақ тастағанға ұқсайды. Одан бөлек, актрисаның қызы жынысын ауыстыру үшін отаға дайындалып жүр деген қауесет те бар.

Желі қолданушыларының сөзінше, Джоли мен Шайло көп салмақ тастаған. Голливуд жұлдызы бұрынғы-күйеуі Брэд Питтпен айырылысқанын көтере алмай жүрген болуы мүмкін.

"Энджидің жанындағылардың біреуі де оның қашан толық түскі ас ішкенін еске түсіре алмайды. Ас-оның ойындағы ең соңғы нәрсе. Актриса тек жеміс-жидек жеп, кофе ішеді", - дейді Radar Online.

Брэд Питтің достары Анджелина бұрынғы күйеуінің халық ықыласына қайта бөленгеніне уайымдап жүр деп есептейді. Сондай-ақ, әртістің таныстарының сөзінше, Джоли Питт алғашқы жары Джениффер Энистонмен қосылуы мүмкін деп сезіктенеді. Ал жұлдыздар тек достық қарым-қатынаста екенін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ әйгілі актер Бред Питт пен Анджелина Джолидің 13 жастағы туған қыздары Шайло Нувель жынысын ауыстыру мақсатында гормоналды ем алып жүргенін жазған.

Сонымен қатар, ол ата-анасынан өзін Джон деп атауын сұрайды екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836924-aryktap-ketken-andzelina-dzoli-men-kyzy-eldi-aladatyp-kojdy-foto.html