Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентауда түсірілген Руслан Жанпейісовтың видеосынан кейін полицей жазаланды

Опубликовано:

"Полицейлердің үрейі" атанған Руслан Жанпейісов Кентауда ксенон фаралары орнатылған көлікті тапқан. Ал жергілікті полиция бөліміне барған кезде қоғам белсендісі жауапты адамды кезіктіре алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Жанпейісов. Фото: instagram.com/bibarsraimbekov
Руслан Жанпейісов. Фото: instagram.com/bibarsraimbekov: UGC

Руслан Жанпейісов Кентау қаласына жеке шаруаларымен барған. Ол полиция бөлімінде 20 минут бойы жауапты адамның болмағанына шағымданған. Сондай-ақ, белсенді ғимарат маңынан ксенон фары орнатылған автокөлікті көріп, видеоға түсіріп алған.

Қоғам белсендісінің қатысуымен түсірілген видео желіде жарияланған соң оған құқық қорғау органдары пікір білдірді. Өңірлік ПД қандай шаралар қабылданғанын хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көлігінде ксенон анықталған полицей автокөлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Фото: Руслан Жанпейісов
Фото: Руслан Жанпейісов: UGC

Одан бөлек Кентаудағы полиция бөлімінің штатты режимде жұмыс істегені атап өтілген. Сонымен қатар, Руслан Жанпейісов орнынан таппаған жауапты адамға қатысты қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары кез келген құқық бұзушылық анықталған сәтте бірден полицияға жүгінуге шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Жанпейісов атымен танылған Бейбарыс Райымбековқа қатысты қылмыстық тергеу аяқталғаны хабарланған. Іс материалдары әл-Фараби аудандық сотына жіберілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836927-kentauda-tsirilgen-zanpejisovty-videosynan-kejin-policej-zazalandy/

pixel