Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төстартқышсыз суретке түскен ресейлік әнші қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Ресейлік шоу-бизнес әлеміне Глюкоза лақап атымен танылған әнші желіні шулатты. Наталья Чистякова-Ионова Instagram парақшасында төстартқышсыз түскен суретін жариялаймын деп ел арасында қызу талқыға түскен қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/glukozamusic. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/glukozamusic. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Наталья Чистякова-Ионова жақында отбасымен Оңтүстік Африкада орналасқан Кейптаунға саяхаттап қайтты. Демалысы аяқталған өнер иесі өз оқырмандарын ыстық жақта түскен кезекті фотосымен қуантпақ болып, оның орнына елдің қызу талқысын тудырған.

Суретте күннен қарайып кеткен Глюкоза шолақ шалбар киіп алғанын көруге болады. Алайда, көпшіліктің назары әншінің ұзын аяқтарында емес, кеудесіне түсті. Оған шоу-бизнес өкілінің суретте төстартқышсыз тұрғаны себеп болса керек.

Желідегілер бұл кадрға қатысты түрлі пікілерін жаудырған. Олардың басым көпшілігі әншінің батылдығына тәнті болған.

"Сізді кеудеңіз жайлы сұрақтар әбден мазалап біткен шығар" , "Екі баланың анасы үшін дене бітіміңіз мінсіз" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Назима Жәнібекова төстартқышпен түскен суретін жариялап, елді шулатқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836928-tstartkyssyz-suretke-tsken-resejlik-nsi-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel