Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2050 жылға қарай Марсқа миллион адам ұшуы мүмкін

Опубликовано:

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адам жіберуді көздеп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Илон Маск. Фото: ted.com
Илон Маск. Фото: ted.com: Facebook

Қазіргі уақытта SpaceX компаниясы қайта пайдалануға болатын Dragon Crew басқарылатын ғарыш кемесінің құрылысын жүзеге асырып жатыр.

Аталған ғарыш кемесінің құрылысы Марсты отарлаудың кең ауқымды жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Илон Маск ағымдағы ғасырдың ортасына қарай Марсқа күніне орта есеппен үш ғарыш кемесін ұшыруды көздеп отыр. Ол Dragon Crew кемесін жетілдіріп, бір уақытта бортқа 100 адам мен 100 тоннаға дейін жүк сыйдыруды жоспарлауда.

Айта кетейік, 2019 жылғы қыркүйекте Илон Маск ғарышкерлер мен жүктерді Марс пен Айға жеткізу үшін қайта пайдалануға болатын ғарыш кемесінің прототипін ұсынды. Ғарыш аппараты Starship атауына ие болды.

Оның ұзындығы 50 метрді, ал салмағы жанармай мен жүкті қоспағанда, шамамен 120 тоннаны құрайды. Кемені таныстыру кезінде Илон Маск 100 адамға дейін тасымалдауға қауқарлы Starship-ті Марс пен Айды отарлаудың басты құралы деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ жақында жапондық миллиардер Юсаку Маэдзаваның өзімен бірге Айды бағындыруға дайын аруды іздестіріп, арнайы байқау жариялағанын хабарлағанбыз.

Белгілі болғандай, қатаң іріктеуден өтіп, ауқатты ер адамның сүйіктісі болу үшін 20 мыңнан астам нәзік жанды өтінім тастаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836934-2050-zylga-karaj-marska-million-adam-suy-mmkin/

pixel