RU

Таксист жол ақысын төлей алмаған жолаушыны "зеленкамен" жуынуға мәжбүрлеген

Украиналық такси жүргізушісі көлігіне мінген жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ weekend.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

зеленка жағып
Фото: Видеодан кадр: UGC

Запорожья қаласының тұрғыны көлікке мініп, қажетті жеріне жеткеннен кейін такси жүргізушісіне ақшасының жоқ екенін хабарлаған.

Ер адам мұндай жаңалыққа қуана қоймады. Дегенмен жол ақысын төлей алмаған ер азаматты жазалаудың жолын тапқан.

Ол дәрі қобдишасынан жасыл дәріні тауып, жолаушыны онымен бетін жууға мәжбүрлепті.

Таксист тіпті, жолаушының іс-әрекетін видеоға түсіп, әлеуметтік желіге салып жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда екі жігіт такси жүргізушісіне пышақпен шабуылдағанын хабарланған еді.

Белгілі болғандай, жігіттер дәмхана маңындағы таксилердің біріне отырған. Қала шетіне жете бергенде көлікті тоқтатуды талап еткен. Сол кезде біреуі қалтасынан пышақ шығарып, жүргізушінің тамағынан осып жіберген.

Абырой болғанда 23 жастағы такси жүргізушісі аман қалды.

Сонымен қатар, Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды соққыға жығып, артынан зорлап кеткен.

Анықталғандай, бойжеткенге жасалған шабуыл оқиғасы өткен жылдың 27 тамыз күні Еңбекші ауданында орын алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836938-taksist-zol-akysyn-tlej-almagan-zolausyny-zelenkamen-zuynuga-mzbrlegen-foto.html