Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадан 17 шақырым жердегі Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Опубликовано:

Ұлттық пантеон елордадан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда мемлекет дамуына үлес қосқан қазақстандықтар жерленеді. Пантеонға кімдер жерленетінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқып, біліңіз.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Жоспарға сәйкес, Ұлттық пантеон - мемлекет, мәдениет және ғылымға қызмет еткен көрнекті қазақстандықтарды жерлеуге арналған орын. Олардың қатарына ел дамауына елеулі үлес қосқан азаматтар да кіреді.

Пантеон аумағына төменде көрсетілген тұлғалар жерленеді:

  • Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;
  • Премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, Президент әкімшілігінің жетекшілері, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары;
  • Министрлер, Қазақстан президенті тікелей бағынышты мемлекеттік орган жетекшілері, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері;
  • "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған тұлғалар;
  • Алтын Қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;
  • "Кеңес Одағының батыры", "Социалистік еңбек ері" атағына ие болған тұлғалар;
  • "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті марапатына ие болған азаматтар;
  • Қазақстан президентінің шешімімен басқа да тұлғалар.

Айта кетейік, пантеон елордалық атқарушы органның қарауында. Әкімдіктегілер марқұмның туыстарының өтініші бойынша жерлеу рәсімін ұйымдастырады.

Билік өкілдері жерлеуге тиісті құжаттарды жинап, марқұмның денесін пантеон аумағына апарып, жерлеуді қамтамасыз етеді.

Жерлеу рәсімдері бірыңғай формада болуы керек: рұқсатсыз жерлеуге және жерлеу орындарын тіркеуге болмайды.

Сондай-ақ, пантеонда қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді көрсететін тіркеу кітабын жүргізілетінін атап өткен жөн.

Еске сала кетсек, 2018 жылы лауазымды тұлғаларға арналған пантеонның құрылысына қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болған.

Сол кездегі Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталмыш жобаны іске асыру үшін шамамен 958 миллион теңге бөлінген. Алғашқы кезеңіне 287 миллион теңге жұмсалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836941-elordadan-17-sakyrym-zerdegi-lttyk-panteonga-kimder-zerlenedi/

pixel