Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел алдына тырнағын бояп шыққан Бэкхемнің ұлы қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Дэвид пен Виктория Бекхэмнің тұңғышы Бруклин Бекхэм әйгілі Dior Homme сән үйінің көрсетілімінде көпшілікті таңғалдырды. Күллі әлемге танымал футболшының ұлы аталмыш шараға тырнағын қызыл түсті лакпен бояп барған. Имиджін өзгерткен жұлдызды жанұяның өкілі желіде қызыл талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бруклин Бекхэм жұлдызды ата-анасынан қалысар емес. Әйгілі футболшының ұлы да түрлі сән көрсетілімдерге жиі шақырту алады.

Өткен жұмада Париж қаласында Dior Homme ерлер топтамасы көпшілікке ұсынылды. Сән көрсетіліміне Бекхэм отбасының бірдей үш мүшесі келді. Дэвид пен Викторияның қасына бұл жолы ұлы қосылған.

Алайда, әдетте жұлдызды ата-анасының көлеңкесінде қалып жүретін Бруклин осы шарада ел назарын өзіне аударды.

Футболшының ұлы аталмыш жиынға тырнағын бояп келген. Қызығы, ол бұл әрекеті үшін еш қысылмай, керісінше қызыл түсті тырнақтарын фотографтарға көрсете суретке түскен.

Фото: woman.ru.
Фото: woman.ru.: Instagram

Сән көрсетілімінде Бекхэмдердің қасында Кейт Мосс пен оның қызы Лила отырған. Шарада Роберт Паттинсон, Кара Дельвинь, Белла Хадид, Кортни Лав және тағы да басқа танымал жұлдыздар болды.

Айта кетейік, бұған дейін әлемдік жұлдыз Селин Дионның анасының өлімінен кейін бірнеше сағаттан соң, сахнада ән салғаны хабарланған.

Әншінің бұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны да белгілі болды.

Фото: woman.ru.
Фото: woman.ru.: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836953-el-aldyna-tyrnagyn-boap-sykkan-bekhemni-ly-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel