Выйти
RU

Сарапшы шетелдік көліктер тіркелсе, бюджетке қанша қаржы түсетінін есептеп көрді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сарапшылар шетелдік автокөліктерді тізгіндеген қазақстандықтар темір тұлпарларын заң талаптарына сәйкес тіркесе, бюджетке шамамен 300 млрд теңге қаржы түсуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев өз есебін Financekaz Telegram арнасында жариялаған.

Чеботаревтың жазуынша, Қазақстанға шетелдік тіркеуі бар 170 мыңнан астам көлік кірген. Біздің елімізде тіркелу үшін барлық қосымша төлемдердің сомасы 2,3 миллион теңгені құрайды. Автордың айтуынша, бұл сома қозғалтқышының қуаты 1,6 литр және құны 3 мың доллар болатын, 3 жылдық және одан да жоғары автокөліктерге төленеді.

Сарапшының айтуынша, қымбат көліктердің төлемі де тиісінше жоғары болмақ.

Чеботаревтың пікірінше, осы 170 мың автокөліктің бәрі бірдей тіркеле алмайды. Ол біздің елімізге келген рөлі оң жақтағы көліктерді атап өтті.

Оның болжамы бойынша, егер автокөліктің 70 пайызы тіркелсе, онда Қазақстан бюджеті 300 млрд теңгеге толығады.

Автор жүргізушілердің мұндай көліктерді сатып аларда тәуекелге бел байлайтындарын білді деген оқырмандар пікірімен келісетінін айтқан. Оның ойынша, енді осы азаматтар төлем жасаулары керек.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ті құрайтынын, сондай-ақ көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Сонымен қатар Алматы әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеу қанша тұратынын айтты.

Айта кетейік, 16 қаңтарда көліктері тіркелмеген Ақтау мен Жаңаөзен қаласы тұрғындары митингке шықты. Наразылық акциясы екі қалада бір сағаттық айырмашылықпен өтті. Бейбіт шеруге қатысушылар шетелдік нөмірлерді тіркеу талаптарына наразылық танытқан.

Сондай-ақ, Ақтөбеде де шетелден көлік алып келгендер наразылық білдіргенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сарапшы шетелдік көліктер тіркелсе, бюджетке қанша қаржы түсетінін есептеп көрді