RU
"800 мың теңге айыппұл": Атырау тұрғыны 65 рет жол ережесін бұзған

"800 мың теңге айыппұл": Атырау тұрғыны 65 рет жол ережесін бұзған

Рассказать Вконтакте

Атырауда шетелдік нөмір таққан көліктің жүргізушісі 65 мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған. Енді қалалық тұрғын 800 мың теңге айыппұл төлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда орнатылған "Интер Цептер" жүйесі өткен жылы армениялық нөмір таққан Toyota Camry көлігі 65 рет жол ережесін бұзғанын тіркеді.

30 жастағы қала тұрғынының жылдамдықты асырып, "стоп сызығын" кесіп өткені анықталды.

Соның салдарынан есепте жоқ көліктің қайда екені анықталғанға дейін 800 мың теңгенің айыппұлы жиналып үлгерген.

Ведомство 2019 жылы облыс орталығының өзінде шетелдік нөмірмен жүрген 35 мыңға жуық көлік жол ережесін бұзғанын жеткізді.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel