RU
Алматы облысындағы ауылда атыс болып, төрт адам ауруханаға түскен

Алматы облысындағы ауылда атыс болып, төрт адам ауруханаға түскен

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Панфилов ауданында атыс болып, салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілген. Сонымен қатар оқиға орнына жақын маңнан 27 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға 16 қаңтар күні Көктал ауылында орын алған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, атысты он шақты адам ұйымдастырған.

Олардың кім екені анықталып, үш адамның қамауға алынғаны белгілі болды.

"Төртеуі ауруханаға жеткізілді. Одан бөлек, жедел тергеу шаралары барысында тағы үшеуі ұсталды. Аудандық соттың шешімімен олар қамауға алынды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы (Адам өлтіру), 293 бабы (Атыс қаруын қолданып жасалған бұзақылық) және 24 бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, полиция тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынғанын және ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Екі пышақ пен үш тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына қосылған.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды белгісіз біреудің атып кеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel